Жауапты өндіруші

2023 жылы хром өндірісінің жауапты және тұрақты даму талаптарына сай болу қамындағы жұмысымызды Халықаралық хром өндірушілер қауымдастығы (ICDA) мойындап, «Қазхромға жауапты хром өндіруші» мәртебесін тағы берді. Бұл «Қазхромның» хром жеткізушілеріне қойылатын стандарт талаптарына сай екенін, тіпті бұл талаптан асып түсетінін дәлелдеді.

Бұл мәртебе корпоративтік әлеуметтік жауапкершілікті бағалауға маманданған Ecovadis тәуелсіз агенттігі жүргізген бағалаудың қорытындылары бойынша алынды. Қазхром 69 балл жинап, EcoVadis бағалауынан өткен қара металлургия кәсіпорындарының үздік 10% кірді.

Бұл жетістік ERG-дің өндірістік қауіпсіздік пен озық тәжірибелерді қолдану, қызметкерлер мен жергілікті қоғамдастықтарға әдептілік қарым-қатынас орнату, балалар еңбегі мен заманауи құлдықты жою, қоршаған ортаға әсерді азайту және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл сияқты құндылықтарға бейілділігін көрсетеді.

Топтағы хромның жауапты өндірісі компанияда жүзеге асырылатын негізгі жобалармен расталады. Соңғыларының бірі - шламды қайта өңдеу кешенін іске қосу. Жаңа кешен әлемдегі ең заманауи технологиялылық пен автоматтандырудың бірі болып табылады және шлам қалдықтарының қоршаған ортаға әсерін азайтуға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, «Қазхромның» негізгі жобаларына ферроқорытпа газын кәдеге жарататын электр станциясының құрылысы, өнеркәсіп қалдықтарын қайта өңдеу бастамалары жатады. Атап айтқанда газ тазарту жүйесінің шаңын брикеттеу, ERG Recycling алаңында шлак пен шламды 20-дан астам тауарлық өнімге айналдырып өңдеу. Бұл жобалар «Қазхромның» айналмалы экономика қағидаттарына сәйкес қызметін көрсетеді.