Қауіпсіздік және еңбекті қорғау

Қауіпсіздік және еңбекті қорғау

«Қазхром» қауіпті жұмыс жағдайларына қатысты нөлдік төзімділік саясатын сақтай отырып және жұмыскерлерді оқытуға инвестиция құя отырып, еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік (ЕҚжӨҚ) көрсеткіштерін тұрақты бақылауды жүзеге асырады. Компанияның осы бағытта жүргізіп жатқан барлық жұмыстарының негізінде өндірістен гөрі қауіпсіздік басымдығы қағидаты жатыр.

Біз өзімізге нөлдік жарақатқа жету бойынша бірінші кезекті және өршіл міндет қоямыз. Бұл дегеніміз басқаруда әлемдік стандарттарды енгізуді ғана емес, сонымен қатар еңбек жағдайларын үнемі жақсарту бойынша жұмысты білдіреді. Осы мақсатқа жету үшін еңбекті қорғау жөніндегі іс-шаралар мен жобалар қаржыландырылады, мамандарды жүйелі даярлау жүргізіледі, қауіпсіздік саласындағы қауіпсіз технологиялар мен әлемдік көшбасшылардың жаңа әзірлемелері енгізіледі. Кәсіпорындарда компания филиалдарында еңбекті қорғау мен қауіпсіздік техникасының жай-күйін 5 сатылы бақылау көзделген.

Жұмыстың негізгі бағыттары:
  1. Денсаулық сақтау, еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамалық талаптарды орындау.
  2. Жарақаттанудың алдын алу және болдырмау мақсатында тәуекелдерді бағалау және басқару.
  3. Еңбекті қорғау менеджментінің интеграцияланған жүйесін енгізу және басқару (оның ішінде қауіпсіздіктің тәртіптік аудиттері, қорғау бойынша тәртіп мәдениетін өзгерту
  4. Үздік әлемдік тәжірибелерді ескере отырып, корпоративтік стандарттар мен ішкі қауіпсіздік рәсімдерін енгізу.
  5. Еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік жөніндегі орталық комитет қызметін атқарады, сондай-ақ компания филиалдарында ЕҚжӨҚ саласындағы бағыттар бойынша кіші комитеттер (мысалы, жеке қорғаныс құралдары жөніндегі кіші комитет және т.б.) жұмыс істейді, олардың міндеттеріне бөлімшелердің қызметін үйлестіру және олардың денсаулық сақтау, еңбекті қорғау және өндіріс қауіпсіздігі саласындағы жұмыстарын бақылау кіреді.
  6. Компанияның жаңадан қабылданған жұмыскерлері үшін кіріспе нұсқаманы өткізу бойынша 40 сағаттық бағдарлама жұмыс істейді. Оқуды аяқтағаннан кейін жұмыскерлерге «Басты қағидалар» жадынамасы беріледі.
  7. Филиалдардың барлық бөлімшелерінде жоспарлы техникалық аудиттерді, сондай-ақ қауіпсіздіктің тәртіптік аудиттерін жүргізу.

«Қазхром» ТҰК» АҚ-да компанияның бас директоры деңгейінде: «Өмір мен денсаулыққа төнген қауіпті көрсең - жұмысты тоқтат!» ережесі қабылданды, оны компания кәсіпорындарының кез келген қызметкері пайдалануға құқылы.

Бес жылдан астам уақыт бойы «Қазхромда» «Халықтық бақылау» әлеуметтік жобасы іске асырылуда, оның аясында мүмкіндігі шектеулі тұлғалар өнеркәсіптік кәсіпорында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау техникасының сақталуын қамтамасыз етуге қатысады. 2019 жылы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа Ақтөбеге сапары кезінде Ақтөбе ферроқорытпа зауытында пилоттық жоба таныстырылды,

Сонда Президент ел Үкіметіне ERG мен «Қазхром» ТҰК» АҚ-ның мүмкіндіктері шектеулі адамдардың күштерімен қауіпсіздік бейнемониторингін жүзеге асыру бойынша тәжірибесін бүкіл республика бойынша каскадтау мәселесін пысықтауды тапсырды. Бүгінде халық бақылаушылары Ақсу ферроқорытпа зауытында да, Дөң тау-кен байыту комбинатында да жұмыс істейді. Олар 30 000-нан астам бұзушылықтарды анықтады, демек жұмыс орындарындағы апаттар мен жазатайым оқиғалардың алдын алды деген сөз.

Жыл сайын «Қазхром» әрбір қызметкерге заңнамада көзделгеннен басқа қосымша медициналық қызметтер көрсетуге қаражат бөледі. Медициналық қызметтер заманауи диагностикалық және терапевтік жабдықтармен жабдықталған «Еуразия» медициналық орталығының филиалдарында көрсетіледі.