«Қазхром» барлық экологиялық нормаларды сақтайды. Компания көлемінде жүзеге асатын модернизациялық жобалар мемлекеттік экологиялық сараптамадан өткізілген.
Компания өз қызметін халықаралық стандарттарға (ISO 14001 сертификатына) сәйкес жүргізіп, қоршаған ортаға әкелетін әсерін бақылайды. «Қазхром» табиғатты қорғау бастамасын белсене жүзеге асырады, соның ішінде:
- ауа сапасын қадағалау (шығарылудың тазартылуы, зауыттардағы тазарту фильтрларын орналастыру мен ағаш отырғызу);
- су сапасын бақылау және қадағалау (ағын суларды бақылау, тазарту, және шахталарды экологиялық таза құрғату);
- қалдықтарды бақылау (феррохромды қождарды, шаң-тозаңды өндіру және қалдықтарды азайту);
- еңбеккерлерді қоршаған ортаны қорғау аясында үздіксіз оқыту.
Дөң тау-кен байыту комбинатының сумен жабдықтау сызбасы кен байыту қалдық қоймасының қалдыққа толуына әкеліп соқтырды. Соның арқасында кәсіпорын айыппұл төлеуге тура келді, себебі, оның саласы қоршаған ортаға кері әсерін тигізді. Бұл мәселені шешу үшін, «Қазхромның» өндіріс бөлімі сумен жабдықтау жүйесінің ішкі жартылай тұйықтық сызбасын құрды. Оның арқасында Компанияға қалдықтарды өндіруге, және оны хромдық шекемтастар өндірісіне қолдануға мүмкіндік туды. Бұл жоба Инноваторлар Форумының байқауында үздік атанып, оны қолданысқа енгізуді алдағы бірнеше жылда жоспарлап отырмыз.
Ақсу ферроқорытпа зауытында № 6 цехтың реновациясы жүргізіліп жатыр. Бұл Компанияның ең ірі жобаларының бірі. Модернизациядан кейін жаңартылған балқыту технологиясы электр тұтынудың сәйкесінше өсімінсіз өндірістің үлғаюына алып келеді. Бұл қоршаған ортаға әсердің төмендеуіне әкеледі, ал герметикалық пештердің қолданысы өндірітік процесстің қауіпсіздігін арттырады.
Қоршаған ортаны қорғау және тұрақты даму туралы ережелер«Қазхром» ТҰК »АҚ басқару саясатында бекітілген