Біздің адамдар

Біздің адамдар

«Қазхром» ТҰК» АҚ-да 19 мыңнан астам адам жұмыс істейді. Қызметкерлер — компанияның ең құнды байлығы, сондықтан біз ұжымның кәсіби әлеуетін арттыру және іске асыру үшін барынша қолайлы жағдай жасауға тырысамыз.

Қызметкерлердің демалысы, негізгі кәсіптің жұмыскерлері үшін ақысыз арнайы тамақтану, ана мен баланы қолдау, тұрғын үй құрылысы, ардагерлерді қолдау, қызметкерлердің білімін дамыту және оқыту, ұжымдық іс-шаралар біздің қызметкерлерге көрсетілетін барлық әлеуметтік кепілдіктердің бөлігі ғана.

Қызметкерлерге жайлы өмір сүру жағдайларын жасау және инфрақұрылымды дамыту — «Қазхром» ТҰК» АҚ әлеуметтік саясатының ажырамас бөлігі. 2006 жылдан бастап компания ұжым үшін тұрғын үй мәселесін шешуге ғана емес, ең бастысы өндіріске келешегі зор жас мамандарды табуға мүмкіндік беретін тұрғын үй бағдарламасын жүзеге асыруда.

Біз жас мамандарға дамудың тамаша мүмкіндіктерін ұсынамыз және компания есебінен оқуды ұйымдастырамыз. Сондай-ақ, біз оқу орындарымен өзара әрекеттесуге және үздік студенттерге өндірістік тәжірибе ұйымдастыруға мүдделіміз. Хромтау тау-кен техникалық колледжімен, Ақсу қара металлургия колледжімен, С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетімен, Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық ғылыми-техникалық университеті және Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетімен тығыз ынтымақтастықта жұмыс жалғасуда.

Біздің барлық кәсіпорындарда әр түрлі буын өкілдері жұмыс істейді. Бір отбасының бірнеше ұрпағы, бүтін әулет біздің компанияны таңдағанын мақтан етеміз. Біз оларды еңбек әулеттері деп атаймыз.

Мәселен, Ақтөбе ферроқорытпа зауытындағы Баймолдиндер әулеті өкілдерінің жалпы жиынтық еңбек өтілі — 300 жыл. Әкелерінің ізімен жүріп, металлург жолын қуған ұл-қыздары атакәсіпке құрметпен қарайды. Балқытушы Беркін Баймолдин әулеттен кен ісіне алғаш болып келгендердің бірі. Онымен бірге ағасы Төлеу де осында еңбек етті. Ағайындылардың сүйікті ісіне айналған кәсіпке ұлдары Марат пен Мұрат келеді. 56 жыл бойы бұл отбасы өз жұмысын адалдықпен істеп, және мұнысын әріптестері мен басшылық құрметтейді. Баймолдиндер әулеті «Еңбек жолы» облыстық байқауында жеңімпаз атанған. Олар Ақтөбе облысындағы «Ең үздік еңбек әулеті» деп танылды. Енді пеште 70 жыл еңбек еткен Беркін мен Төлеу Қарпықұлдарын, жолдастары мен ұлдарын, немерелерін зауыт қана емес, байқаудың облыстық кезеңінен соң Астана қаласында өткен республикалық «Еңбек жолы» байқауына қатысқан Марат Баймолдиннен кейін республика танитын болды. Баймолдиндер әулеті «Қазхром» ТҰК" АҚ-да зор құрметке ие.

Компанияның және ұжымның құқықтары мен міндеттері Қазақстандағы ең үздік деп танылған Ұжымдық шартпен реттеледі. Біз қызметкерлердің заңды құқықтарын міндетті түрде сақтауға сәйкес еңбек жағдайларын ұйымдастыруға үлкен мән береміз. 2018 жылы «Қазхром» ТҰК" АҚ-ның Ұжымыдық шарты «Парыз» бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі байқауында жеңімпаз деп танылды.

«Қазхром» ТҰК» АҚ—да интегралды жүйе енгізілді және біздің қызметіміз халықаралық стандарттарға сәйкес жүзеге асырылады. 2016 жылы TÜV ұйымы ISO 9001, ISO 14001, OHSAS 18001 және ISO 15001 стандарттарына сәйкес сертификатын растады.


< 40 жас
Қызметкерлердің орташа жасы
11 жыл
Компаниядағы жұмысының орташа мерзімі