Құпиялылық туралы өтініш және cookie файлдарын пайдалану

Құпиялылық туралы өтініш

Сіздердің дербес деректеріңізді өңдеу барысында айқындылықты қамтамасыз етуге ұмтыламыз. Осы Құпиялылық туралы өтініште (бұдан әрі — «Өтініш») Eurasian Resources Group компаниясының (бұдан әрі — «ERG», «біз») іс жүзіндегі және әлеуетті қызметкерлердің, жеткізушілердің, компанияның клиенттері мен өзге үшінші тұлғалардың дербес деректерімен жұмыс жасау тәртібіне түсінік беріледі. ERG Деректерді қорғау бойынша жалпы регламентін (GDPR — Регламент (ЕС) 2016/679), сондай-ақ жергілікті заңнама талаптарын қоса отырып, дербес деректердің құпиялылығын қамтамасыз ету туралы заңнамасының талаптарын қатаң сақтайды.

Бұл Өтініште біз дербес деректердің қандай түрлерін жинайтынымыз және бұл дербес деректермен қалай жұмыс жасайтынымыз туралы толық түсінік берілді. Мұнда, сондай-ақ сіздердің дербес деректеріңіздің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін бізбен қабылданатын шаралар және сіздердің дербес деректеріңізге қатысты бізде сақталатын сіздердің құқықтарыңыз сипатталған. Глоссарийде келтірілген осы Өтініште пайдаланылатын терминдер анықтамасымен танысуға кеңес береміз. Осы Құпиялылық туралы өтінішке қосымша ретінде осы сайтты пайдалану кезінде деректеріңіздің құпиялылығын қамтамасыз ету туралы қосымша ақпараты келтірілген Сookie файлдарын пайдалану туралы өтінішін жариялаймыз.

Дербес деректерді пайдалану

Біз сіздердің дербес деректеріңізді сіздермен еңбек, шарттық немесе өзге қарым-қатынастарды басқаруға, сондай-ақ өзіміздің іскерлік қызметімізге байланысты заңды іскерлік мақсаттарда өңдейміз. Біз сіздердің дербес деректеріңізді деректер өңдеудің автоматтандырылған жүйесінің және/немесе қағаз құжаттамасы негізінде деректер өңдеу жүйесінің көмегімен жинап, пайдаланып, табыстаймыз. Біз жалақыны және жеткізушілермен есеп айырысу үшін өзге төлемдерді тұрақты төлеу үшін деректер өңдеу сияқты деректер өңдеудің стандартты функциялар жұмысын ұйымдастырдық. Біз сонымен қатар еңбек қарым-қатынастар мәнмәтінінде және жеткізушілердің немесе клиенттердің дербес деректерге қатысты ақпарат ұсынуға немесе түзетулер енгізуге жіберген сұрау салулары кезінде тұрақсыз негізде немесе біржолғы тәртіпте дербес деректердің өңделуін жүзеге асырамыз.

Қандай дербес деректерді жинаймыз

Қызметкерлермен, бос жұмыс орын іздеушілермен өзара әрекеттесу барысында біз төмендегіні қоса отырып, персоналды басқаруға қажетті деректерді жинаймыз:

  • бос жұмыс орынға байланысты сіздермен ұсынылған ақпарат, мысалы, сіздердің бізге жіберген түйіндемелеріңізде немесе автоматтандырылған онлайн-сауалнамада көрсетілген дербес деректер;
  • иммиграциялық мәртебе, жұмысқа құқық және тұру мәртебесі (резиденттілігі) туралы ақпарат;
  • сәйкестендіргіш деректер;
  • төтенше жағдайлар кезіндегі байланыс тұлға туралы, сондай-ақ туыстары туралы (шектеулі көлемде) ақпарат;
  • жұмысқа орналастыру жөніндегі агенттік туралы ақпарат және жұмыс уақыты есебінің деректері.

Біз сайтқа кірушілердің келесі қажетті деректерін жинаймыз:

  • сіздер біздің веб-сайтқа кірген кезде сайтқа келесі кіру барысында танылуын қамтамасыз ету үшін біз сіздердің IP-мекенжайларыңызды тіркейміз.

Біздің кеңселерге және өндірістік объектілерге келген кезде төмендегіні қоса отырып, біз объектілеріміздің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін және өзіміздің заңды міндеттемелерімізді орындау үшін қажетті келушілеріміздің дербес деректерін жинаймыз:

  • бейнебақылау жүйесінің кескіндері.

Клиенттердің, жеткізушілердің және өзге үшінші тұлғалардың біз жинайтын дербес деректері мыналарды қамтиды:

  • бізбен жасалатын мәмілелер туралы ақпарат;
  • біздің мекенжайға сіздер ұсынатын дербес деректер;
  • сіздермен шарт жасасуға қажетті дербес деректер.

Сондай-ақ ERG өзінің заңды міндеттемелерін орындау барысында дербес деректерді жинайды, (мысалы, мемлекеттік органдардың сұрау салуларын орындау және кешенді тексерулер жүргізу үшін).

Дербес деректерді жинау және өңдеу кезінде біз деректерді өңдеу бойынша тиісті операциялар мақсатына қажетті көлеммен ғана шектелеміз. Сіздердің деректеріңізді қандай да бір өзге мақсаттар үшін өңдеген жағдайда біз сіздерге осы жаңа мақсаттар жөнінде хабарлаймыз.

Деректерді трансшекаралық беру

Біз сіздердің дербес деректеріңізді келесі критерияларға сәйкес болған жағдайда, сіздер тұратын немесе жұмыс жасайтын елдің аумағынан тыс, соның ішінде сіздердің елдеріңіздегі деректер қорғау деңгейіне тең келер дербес деректерді қорғау деңгейін қамтамасыз етпейтін елдерге жібере аламыз.

  • Деректерді ERG Тобының шеңберінде беру және/немесе ашу кезінде дербес деректердің қорғалуы оларды осы деректер жиналған юрисдикциядан тысқару жіберу қажеттілігі туындаған жағдайда Топішілік келісіммен қамтамасыз етіледі.
  • Деректерді ERG Тобының шеңберінде беру және/немесе ашу кезінде деректердің қорғалуы деректердің құпиялылығын қамтамасыз ету туралы шарттардың ережелерімен қамтамасыз етіледі. Бұл соның ішінде деректерді трансшекаралық берудің дербес деректерді қорғау туралы қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкестігін бағалауды көздейді;
  • Дербес деректер тиісті субъектілерінің осы деректерді беруге немесе ашуға келісімі алынды; немесе
  • Деректерді беру және/немесе ашу жергілікті заңнамаға сәйкес талап етіледі немесе дербес деректерді қорғау туралы жергілікті заңнамада тікелей рұқсат берілген және бұл ретте тиісті дербес деректер осы юрисдикцияда жиналған.
Біз сіздердің деректеріңіздің қорғалуын қамтамасыз етеміз:

Біз сіздердің дербес деректеріңіздің қауіпсіздігін және оларды жоғалтудан және рұқсат етілмеген қолжетімділіктен немесе пайдаланудан, жоюдан, өзгертуден немесе ашудан қорғауды қоса алғанда, кездейсоқ, рұқсат етілмеген немесе заңсыз өңдеуден қорғауды қамтамасыз етеміз. Бұл біздің дербес деректердің «тіршілік кезеңінің» барлық кезеңдерінде барлық қажетті техникалық, физикалық және ұйымдастырушылық шараларын қабылдайтынымызды білдіреді. Дербес деректерді қорғауды қамтамасыз ету міндеттемелері сіздердің дербес деректеріңіз қағаз не электронды нысанда сақталуына не сақталмауына қарамастан туындайды (мысалы, деректер базасында). Сіздердің дербес деректеріңізге қолжетімділік ERG компаниясындағы және одан тысқары тұлғаларға қызметтік қажеттілік қағидасына сәйкес беріледі. Топтың кәсіпорындары ERG деректерін қорғау жөніндегі уәкіліне (Data Privacy Officer) тексеру жүргізу үшін сіздердің дербес деректеріңіздің қауіпсіздігіне қандай да бір бұзушылық жағдайлары жөнінде кідірмей хабарлауға міндетті.

Біз сіздердің дербес деректеріңізді шектеулі мерзім ішінде сақтаймыз:

Сіздердің дербес деректеріңіз тек осы деректердің өңдеулері жүзеге асырылатын заңды мақсаттар үшін қажетті мерзім ішінде (тиісті тұлғаларға ұсынылатын хабарламада көрсетілгендей) немесе жергілікті заңнамада көзделген немесе рұқсат етілген мерзім ішінде сақталады. Мерзімі өткен сіздердің дербес деректерлеріңіз жазылған жазбалар сенімді тәсілмен жойылады (егер деректер физикалық тасығыштарда жазылған болса) немесе ERG деректерін сақтау кестесіне сәйкес немесе жергілікті заңнаманың қолданылатын талаптарына сәйкес қайтарымсыз жойылады.

Біз сіздердің құқықтарыңызды сақтаймыз:

Біз дербес деректердің дәлдігін, толықтығын және маңыздылығын қамтамасыз ету үшін орынды шаралар қабылдаймыз. Сіздерге де өз дербес деректеріңіздің дәлдігін қамтамасыз ету жауапкершілігі жүктелгендігін ескертеміз. Бұдан бөлек, сіздердің мыналарға құқықтарыңыз бар:

  • Сіздердің дербес деректеріңізді пайдалану туралы ақпарат ұсынуды сұратуға;
  • Сіздердің дербес деректеріңізге қолжетімділікті беруді сұратуға;
  • Сіздердің дербес деректеріңізді жоюды талап етуге;
  • Сіздердің дербес деректеріңіздің өңделуін тоқтатуды сұратуға;
  • Топ кәсіпорнымен деректерді автоматты өңдеу нәтижелерінде ғана негізделген сіздерге қатысты шешім қабылданған жағдайда хабарлама алуға және қажеттілігіне қарай мұндай шешімнің қайта қаралуын талап етуге;
  • Дербес деректерді өңдеуге байланысты шағым беруге; немесе
  • Сіздердің дербес деректеріңізді ERG компаниясымен өңдеуге бұрын берген келісімді кері қайтаруға.

Бұл құқықтардың жүзеге асырылуына қатысты құқықтық ерекшеліктер бар. ERG әр сұрау салуды сіздер тұратын елдің заңнамасы есебімен жеке тәртіпте қарастырады. Сіздердің құқықтарыңызды іске асыруға байланысты сұрау салуларды өз өңірлеріңіздің Деректерді қорғау жөніндегі уәкіліне (Data Privacy Officer) мына мекенжай бойынша жолдауларыңызға болады: privacy@erg.net.

Глоссарий

Деректер субъектісінің келісімі деректер субъектісінің ерікті, нақты, саналы және кесімді ұсынысын білдіреді.

Бұзушылық анықталған немесе болжалды жағдайды білдіреді:

  • біздің деректер қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша міндеттемелеріміздің орындалмауы; немесе
  • сіздердің дербес деректеріңізді рұқсатсыз сақтау, жою, өңдеу немесе оларға қолжетімділікті алу

Деректерді қорғау жөніндегі уәкілі (Data Privacy Officer): ERG сайтының деректерді қорғау туралы бетіндегі ақпаратына сәйкес, белгілі бір өңірдің деректерді қорғау мәселелері жөніндегі бірінші байланыс тұлғасы болып табылатын комплаенс қызметінің қызметкері.

Деректер субъектісі: дербес деректерге қатысы бар жеке тұлға.

Топтың кәсіпорындары: Eurasian Resources Group-тың құрамына кіретін барлық компаниялар, тауарлық бөлімшелер, құрылымдық бөлімшелер, жаһандық функциялар мен корпоративтік кеңселер.

Заңды іскерлік мақсат: ERG компаниясының өзінің бизнес-міндеттерін орындауға байланысты және де барлық қолданылатын нормативтік-құқықтық актілердің талаптарына сәйкес мақсаты.

Дербес деректер: қандай да бір сәйкестендірілетін жеке тұлғаға қатысты барлық ақпарат.

Құпиялылық туралы өтініш: деректер субъектісіне олардың дербес деректерін жинау кезінде ұсынылатын қажетті хабарлама.

Өңдеу: жинауды, пайдалануды, ашуды, жазуды, жүйелендіруді, сақтауды, беруді, енгізуі, өзгертуді, жоюды, үзінді алуды, қолжетімділікті алуды, серверге орналастыруды (хостинг) және деректермен басқа жұмыс түрлерін қоса отырып, дербес деректерге қатысты қолданылатын барлық әрекеттер.

Құпиялылық туралы өтініш және cookie файлдарын пайдалану

Сіздердің деректеріңіздің құпиялылығы біз үшін маңызды және де біз олардың сақталуын және қорғалуын қамтамасыз етуге ұмтыламыз. Бізбен қабылданған міндеттемелер шеңберінде біз осы сайтқа кірушілер жөнінде ақпаратты қалай жинайтынымыз, пайдаланатынымыз, ашатынымыз және өзге түрде өңдейтініміз жайлы түсінік берілген осы Құпиялылық туралы өтінішті әзірледік.

Бұл сайт аналитикалық деректердің келесі түрлерін жинайды:

  • пайдаланатын компьютердің немесе мобильді құрылғының IP-мекенжайы
  • сұратылған веб-беттер туралы ақпарат
  • жіберілетін веб-беттер туралы ақпарат
  • пайдаланылатын браузер туралы ақпарат
  • күні және уақыты

Сайт бұл деректерді нақты пайдаланушылар тұлғасымен байланыстырмайды.

ERG компаниясының cookie файлдарды пайдалануы

Пайдаланушылардың біздің сайтпен өзара әрекеттесу сапасын арттыру үшін біз cookie файлдарын пайдаланамыз. Cookie — бұл сіздердің компьютерлеріңіздегі браузерге теңшеулерді сақтау үшін жүктелетін шағын мәтіндік файлдар. Cookie файлдарында сіздердің электронды пошталарыңыздың мекенжайы не болмаса өзге дербес деректер көрсетілмеген. Біздің сайт деректерді жинап, cookie файлдар түрінде сіздердің компьютерлеріңіздің қатты дискісінде сақтайды. Cookie файлдарын пайдаланушы сайтқа оралған кезде оны тануға және тиісті түрде әрекеттесуге мүмкіндік беретін сайттың «жадысы» ретінде қарастыруға болады.

Көптеген браузерлер сookie файлдарын пайдалануды автоматты түрде қабылдайды. Браузердің тиісті теңшеулерін орнату арқылы сіздер сookie файлдарын қабылдаудан бас тарта аласыздар немесе браузердегі сookie файлдарын алып тастай аласыздар.

Біз сookie файлдарын біздің сайтты пайдалану туралы түсінік алу үшін және оның мазмұнын жетілдіру үшін пайдаланамыз. Мысалы, біз сookie файлдарын сіздердің біздің сайтқа кірулеріңізді дербестендіру үшін немесе оның пайдаланылуы туралы статистикалық деректерді жинау үшін пайдаланамыз. Толық мағлұмат төменде келтірілді.

Біз сookie файлдарының келесі түрлерін пайдаланамыз:

  • Қатаң қажетті сookie файлдар. Бұл сookie файлдар сіздердің біздің веб-сайтты пайдалануларыңыз үшін қажет.
  • Аналитикалық/пайдаланылмалы cookie файлдар. Бұл файлдар бізге кірушілердің сайтты пайдаланулары туралы ақпаратты жинауға және кірушілер санын есептеуге мүмкіндік береді. Бұл бізге веб-сайттың жұмысын жақсартуға көмектеседі, мысалы, ақпарат іздестіруді жеңілдетуге.
  • Функционалды cookie файлдар. Кіруші біздің веб-сайтқа оралғанда оны тану үшін пайдаланалады. Бұл бізге мазмұнын дербестендіруге және сіздердің құрылғыларыңызды есте сақтап қалуға мүмкіндік береді (мысалы, сіздер таңдап алған тіл мен өңір). Бұл ретте осы сookie файлдарын пайдалана отырып жиналатын деректер пайдаланушылардың басқа сайттармен өзара әрекетін қадағалауға мүмкіндік бермейді.
  • Мақсатты cookie файлдар. Бұл сookie файлдар сіздердің біздің веб-сайтқа кіргендеріңіз туралы, сіздер кірген беттер туралы, сіздер пайдаланған сілтемелер туралы мәліметтерді жазып алады. Біз бұл деректерді біздің веб-сайтта сіздердің қызығушылықтарыңызға сәйкес ақпаратты көрсету үшін пайдаланамыз.

Біздің веб-сайтта Laravel және Google Analytics платформасы пайдаланылады, бұл жоғарыда аталған сookie файлдарының барлық түрлерін пайдаланады.

Сіздер барлық немесе кейбір сookie файлдарының сақталуына тыйым салатын браузердің тиісті теңшеулерін орната отырып сookie файлдарын бұғаттай аласыздар. Алайда, егер сіздер браузер теңшеулеріндегі барлық сookie файлдарын бұғаттап қойсаңыздар (міндетті сookie файлдарды қосқанда) онда біздің веб-сайт немесе оның кейбір бөлімдері қолжетімсіз болып қалу мүмкін.

Міндетті файлдардан бөлек сookie файлдары 120 минутке дейін сақталады.

Ақпаратты ашу

Біз сіздердің дербес деректеріңізді ашпауға, уақытша пайдалануға бермеуге, сатпауға және оларды қандай да бір тәсілдермен табыстамауға міндеттенеміз. Алайда, бұл сайт басқа да сайттарға сілтемелерді қамту мүмкін. Біз сіздерге қолайлы болу үшін сілтемелер ұсынамыз, бірақ біз үшінші тұлғалардың сайттарындағы құпиялылықтың сақталуына мониторинг немесе бақылау, талдау жүргізе алмаймыз.

Біз үшінші тұлғалар сайттарының жұмыстары үшін немесе сіздердің олармен іскерлік қарым-қатынастарыңыз үшін жауапкершілік артпаймыз. Сондықтан, сіздер бұл сайттан шыққан кезде әр сайтта әрекет ететін құпиялық саясатымен танысуға және оның жеткіліктігіне қатысты жеке шешім қабылдауларыңызға кеңес береміз.

Байланыс ақпараты

Егер сіздердің осы Құпиялылық туралы өтінішке немесе оның орындалуына қатысты қандай да бір сұрақтарыңыз не ескертулеріңіз болған жағдайда бізбен мына электронды пошта арқылы байланысуларыңызды сұраймыз: privacy@erg.net.

Соңғы жаңарту: 25 мамыр 2018 ж.