Негізгі даму жобалары

Соңғы үш жылда «Қазхром» қолданыстағы кәсіпорындарда жөндеу және техникалық қызмет көрсету және де жабдықтардың тиімділігі мен сенімділігін арттыру, өндірістік қуаттылықтарды кеңейтуга айтарлықтай қаржы көлемін салды. «Қазхром» өзіне 180 астам бастамалар кіретін операциялық тиімділікті арттыру бойынша іс-шаралар жоспарын белсенді жүзеге асыруды жалғастыруда. Топ өндірісті өрбіту және минералды-шикізат базасын игеруді одан әрі дамыту мақсатында Ақсу және Ақтөбе ферроқорытпа зауыттарында және Дөң КБК ауқымды жобаларды жүзеге асыруда.

Бизнесті дамыту бойынша соңғы маңызды бастамалар деп Ақтөбе ФЗ № 4 цехының құрылысын, Ақсу ФЗ № 6 цехын қайта құрылуын, ERG Green байыту фабрикасының іске қосылғандығын және Дөң КБК-де жаңа шахтаның пайдалануға берілуін айтуға болады.

ERG Green байыту фабрикасы

2023 жылы Дөң тау-кен байыту комбинатының ERG Green байыту фабрикасы іске қосылды. Фабрика жыл сайын 1,7 млн тонна шлам қалдықтарын өңдей алады. Мұндағы маңызды нәрсе – жылдар бойы қордаланған шламдардың өңделуінде.

Орнатылған технология мен автоматтандыру деңгейі бойынша жаңа фабрика әлемдік стандарттарға сай. Мұнда шлам гравитациялық тәсілмен байытылады. Бұған дейін әлемде хром оксидін алуда бұл әдіс қолданылмаған.

Фабрикаға құйылған инвестиция көлемі – 96 млрд теңге. Жоба «Қазақстанның Даму банкі» АҚ қатысуымен қаржыландырылды.

ERG Green байыту фабрикасы – Дөң тау-кен байыту комбинатының жылдары бойы қордаланған шламдарын өңдеу қамында қолға алынған кең ауқымды төрт жобасының бірі. Фабриканы іске қосу нәтижесінде қордаланып жатқан 14,5 млн тонна қалдық қайта өңделіп, кәдеге жаратылады.

ERG Green байыту фабрикасы
Ақтөбе ФЗ № 4 цехы

Ақтөбе ферроқорытпа зауытының № 4 цехы — әлемдегі бірінші тұрақты тоқты жабық электрпешті ірі зауыт. Бұл инновациялық өндірістік нысанның құрылысы 2009 жылы басталды, ал 2014 жылы алғашқы өнім алынды. Зауыт құрылысының негізгі мақсаттарының бірі — ағымдағы күрделі шығындармен бірге операциялық шығындарды қысқартуға алып келетін агломерацияның жеке бөліктерінде қажеттіліксіз ұсақтарды қайта балқыту болды.

Цех құрамына өзінің барлық тиісті инфрақұрылымдары бар пештер кіреді (кірме жолдарымен, шихтаны тиеу және дайындау цехымен, балқыту цехымен, уатып-іріктелген қондырғымен, қож құю учаскесімен, қожды қайта өңдеу және газ тазарту жүйесі бар кешенімен).

Орнатылған қуаттылық пен пайдаланылатын технологиялар бойынша теңдесі жоқ зауыт.

Key Development Projects
Ақсу ФЗ № 6 цехын қайта құру

Жоба мақсаты — бір мезгілде операциялық шығындарды қысқарту және цех қызметінің мерзімін ұзарту кезінде жоғарғы көміртекті феррохром өндірісін одан әрі арттыру үшін Ақсу ферроқорытпа зауытының № 6 цехының әрекеттегі төрт пешін қайта құру.

Пилоттық режимде цехты қайта жаңарту жаңа буын қондырғысын құру мақсатында бөлшектелген № 64 пештен басталды. Инженерлердің ойластыруы бойынша блок тығыздалады, бөлінетін ферроқорытпа газы толығымен ұсталып, шикіқұрамды жылыту үшін өндіріске ішінара қайтарылады, бұл өз кезегінде электр энергиясын тұтынуды 25%-ға қысқартады. Заманауи газ тазарту қондырғыларының арқасында шығарындылар көлемі азаяды, ал пеш қондырғысының қуаты, керісінше, артып, өнімділігі үштен бірге артады. Технологиялық процесс барынша автоматтандырылады. Бұл ретте жобаға қойылған басты талаптардың бірі орындалады, яғни металлургтердің жұмысы неғұрлым қауіпсіз әрі жайлы болады.

Жаңа №64 пеш 2019 жылы іске қосылды. Барлық жүйелерді реттеу жүруде. Мұнда қолданылатын технологиялар цехтың басқа үш пешіне дәйекті түрде көшіріледі.

Key Development Projects
Дөң КБК-де «Болашақ» шахтасының іске қосылуы

2024 жылдың соңында Дөң КБК-де қуаттылығы жылына 7,5 млн тоннаға дейін хром кені бар жаңа «Болашақ» шахтасы іске қосылды. «Болашақ» шахтасы екі кен орнын – «Миллионное» және «Алмаз-Жемчужина» кен орындарын өңдеуді қамтиды және бүгінде қара металдарды өңдейтін әлемдегі ең терең кен орындарының бірі болып табылады. Мұнда тау-кен жұмыстары 800-ден 1200 метрге дейінгі тереңдікте бес жерасты көкжиегімен жүреді.

Кен өндіру үшін жер бетінен қашықтан басқару мүмкіндігі бар бұрғылау бағдарламасын орындайтын автоматты режимдегі жаңа, өнімділігі жоғары ақылды бұрғылау қондырғылары және машинистің басқаруын қажет етпейтін толықтай автоматтандырылған көтергіш машинасы пайдаланылатын болады. Мұның бәрі әрбір қызметкердің қауіпсіздігі мен өнімділігін айтарлықтай арттырады

Key Development Projects