«Казмарганец» кен басқармасы

«Қазмарганец» кен басқармасы 2004 жылы құрылды. Марганец шикізатын өңдеумен айналысады және металлургия саласы үшін марганец концентратын өндіреді.

Марганец концентраты әр түрлі маркалы болат өндірісінде легірленген қоспалар ретінде қолданылатын қорытпалардың кейбір түрлерін өндіру үшін қажет.

  • Кен басқармасының құрамында екі бөлімше — сапалы тауар өнімін алу үшін марганец кендері өңделетін, байыту кешендері бар Көлік колоннасы және «Тур» кеніші бар.
  • «Тур» кен орны 1997 жылдан бастап игеріліп келеді. Карьерді өңдеу ашық тәсілмен жүргізілді. 26 жыл ішінде кен басқармасының қызметкерлері 76 млн м³ тау-кен массасын өңдеп, 13,7 миллион тонна марганец кенін өндірді. Марганец кендерінің сарқылуына байланысты 2023 жылы тау-кен жұмыстары тоқтатылды. Табиғи ресурстарға ұқыпты қарау саясатын ұстана отырып, кәсіпорын байытудың жаңа заманауи технологияларын пайдалана отырып, бұрын өндірілген кендерді қайта өңдеу саласында жұмысын жалғастырады.
  • Бүгінгі таңда кәсіпорын марганец кенін өңдеумен және ұсақ еленділерді байытумен айналысады, бұл жыл сайын Қазхромның ферроқорытпа зауыттарына 100 мың тоннадан астам марганец концентратын жөнелтуге мүмкіндік береді.
  • Өндірістік бөлімшелерде жұмыс вахталық әдіспен жүргізіледі.
  • Кәсіпорын «Қазхром» ТҰК» АҚ-да сапа, экология, еңбекті қорғау және энергия тиімділігі саласында қабылданған саясатына сәйкес қызмет етеді.
ӨҢДЕУ КЕШЕНДЕРІНІҢ ӨНДІРІСТІК ҚУАТЫ — ЖЫЛЫНА 100 МЫҢ ТОННА
250 АДАМ КЕНДІ ӨҢДЕУДІ ЖӘНЕ БАЙЫТУДЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТЕДІ
  • «Қазмарганец» кен басқармасы өз қызметкерлеріне медициналық қызмет көрсетуді және кәсіптік аурулардың алдын алуды қамтитын толық әлеуметтік пакетті ұсынады. Қызметкерлердің балалары үшін жазғы сауықтыру демалысын ұйымдастырады.
  • Бөлімшеде корпоративтік іс-шараларға аса мән беріледі. Қызметкерлер кәсіби шеберлік байқауларына, жастар ғылыми-техникалық конференцияларына, спартакиадаларға, КТК, туристік кездесулерге, шығармашылық байқауларға қатысады.