Дөң тау-кен байыту комбинаты

Хром кенін өндіру бойынша әлемдегі ең ірі кәсіпорындардың бірі. Дөң КБК-мен игерілетін хром кені шоғырларының ұзындығы шамамен 22 шақырым және ені 7 шақырым.

Дөң КБК-ның құрамында 28 құрылымдық бөлімше бар, қызметкерлер саны — 8000-нан аса адам. Негізгі өндіріс бес бөлімшеде: «Қазақстан Тәуелсіздігінің 10 жылдығы» шахтасы мен «Молодежная», «Болашақ» шахтасында, «Дөң» кенішінде, Кен байыту және кесектеу фабрикасында және № 1 ұсату-байыту фабрикасында шоғырланған.

  • 2023 жылы шламды өңдейтін жаңа ERG Green байыту фабрикасы пайдалануға берілді. бұл Дөң КБК-ның жатып қалған шламдарын қайта өңдеу бойынша ауқымды бағдарламаның төрт жобасының бірі. Оны жүзеге асыру нәтижесінде 14,5 млн тонна тарихи жинақталған қалдықтар қайта өңделетін болады. Жыл сайын фабрикада жұмыс істеп тұрған өндірістердің 1,7 млн тоннаға жуық қалдықтары мен тарихи жинақталған шламдары қайта өңделетін болады. Мұнда шламдар гравитациялық байыту әдісімен өңделеді. Шикізаттың осы түрінен хром оксидін алу үшін бұл әдіс әлемнің ешбір түкпірінде қолданылмаған. Алынған тауар концентратында кем дегенде 48.5% хром оксиді бар. Зауыт бірден екі маңызды мәселені шешеді: жинақталған шламдардың көлемін азайтады, яғни аймақтың экологиялық әл-ауқатын жақсартады және ERG ферроқорытпа зауыттарын концентратпен қамтамасыз етуді қолдайды.
  • 2024 жылы Дөң КБК-да жобалық қуаты жылына 7,5 млн тонна хром кенін құрайтын «Болашақ» жаңа шахтасы іске қосылды. Шахтаға «Миллионное» және «Алмаз-Жемчужина» екі кен орнын игеру кіреді. Мұнда тау-кен жұмыстары 800-ден 1200 метрге дейінгі тереңдікте бес жерасты көкжиегімен жүреді. Бұл әлемдегі ең терең шахталардың бірі. Сондай-ақ, Қазақстандағы қара металдарды өндіру бойынша ең терең - жер астында бір километрден астам шахта оқпаны дәл осында орналасқан.
    Өндіру процесінде жаңа шахтада озық технологиялар мен заманауи жабдықтар, соның ішінде автоматты бұрғылау режимі бар зияткерлік бұрғылау қондырғысы, жер бетінен қашықтан басқару, сондай-ақ толық автоматтандырылған көтеру машинасы қолданылады.
Дәлелденген қорлар бойынша әлемдегі 2-ші кенорын
8000-ден аса қызметкер кәсіпорынның жұмысын қамтамасыз етеді
  • Кәсіпорында қауіпсіздік мәселесіне барынша көп көңіл бөлінеді. Нөлдік жарақатқа қол жеткізуге ықпалды әлемдік әдістер негізіндегі ауқымды іс-шаралар бағдарламасы септігін тигізеді. Кәсіпорынның әлеуметтік пакетіне қызметкерлердің денсаулықтарына қамқорлық көрсету кіреді.
  • Табиғатты қорғау іс-шараларына жыл сайын қомақты қаражат бөлінеді. Қоршаған ортаны қорғау зертханасы су мен ауаның жай-күйіне бақылауды жүргізеді. Табиғатты қорғау іс-шаралары жоспарының негізгі тармақтары — бұзылған жерлерді қалпына келтіру, шахталық және карьерлік суды қайта пайдалану, өндіріс қалдықтарын қайта өңдеу, өнеркәсіп алаңдарын және Дөң КБК цехтарының санитарлық-қорғау аймақтарын көгалдандыру.
  • Дөң КБК-ның қызметкерлері үшін Тұрғын үй бағдарламасы бойынша он үй тұрғызылды.
  • Комбинаттың әрбір жұмыскерінің мүддесі осы саланың үздігі атанған Компанияның ұжымдық шартымен қорғалды. Қызметкерлердің спорттық және мәдени дамуы үшін Дөң КБК-ның дене шынықтыру-сауықтыру кешені және Кеншілер мәдениет үйі жұмыс жасайды. «Мұғалжар» балалар жазғы сауықтыру орталығы балалардың демалысын өткізу үшін құрылды. Әр жаз сайын мұнда Дөң КБК мен Ақтөбе ферроқорытпа зауыты жұмыскерлерінің мыңнан астам балалары демалады.
  • Зейнеткерлерге барынша қолдау көрсетіледі. Комбинат жанынан Ардагерлер кеңесі құрылып, жұмыс істейді.
  • Дуальды білім беру жүйесі кәсіпорынға кадрлар дайындауға және Хромтау тау-кен техникалық колледжінің студенттеріне өндірістік тәжірибеден өтуге мүмкіндік береді.