Ақсу ферроқорытпа зауыты

Әлемдегі ең ірі ферроқорытпа өндірушілердің бірі. Мұнда жыл сайын 1 млн тоннадан астам өнім шығарылады, оның басым бөлігі алыс шетелдерге экспортталады. Кәсіпорынның бірегейлігі оның түрлі маркалы болат шығаруға қажетті хромды, кремнийлі және марганецті қорытпалардың ірі көлемдегі өндірісін біріктіргендігінде.

Ақсу ферроқорытпа зауытында жиырма алты қуатты металлургиялық пеші бар төрт балқыту цехы бар. Зауыт құрамына шикіқұрам дайындау, қожды қайта өңдеу цехтары, агломерациялық цех және басқа да бөлімшелер кіреді.

  • Негізгі өнім – жоғары көміртекті феррохром, ферросиликохром, ферросиликомарганец, ферросилиций.
  • Кәсіпорын қызметкерлерінің саны - 6300 адам. Өнеркәсіптік алпауыт шамамен 700 га аумақты алып жатыр.
  • Өнім сапасының деңгейін арттыру, еңбекті қорғау мен өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қоршаған ортаны қорғау үшін кәсіпорында ресурстарды үнемдейтін және қалдықтары аз технологиялар негізінде саланың озық жетістіктерін пайдалана отырып, өндірісті тұрақты жаңғырту жүзеге асырылады. Соңғы жылдары ғана жүздеген өндірістік, экологиялық және әлеуметтік инвестициялық жобалар жүзеге асырылды .
  • Кәсіпорында зауыттың ең қуатты бөлімшесі - №6 балқыту цехын жаңартудың ауқымды жобасы іске асырылуда. Жаңғыртудың алғашқысы - № 64 ферроқорытпа пеші саланың көптеген озық техникалық шешімдерін енгізді. 81 МВА қуаты бар заманауи қондырғы герметикалық құрылымға ие, соның арқасында электр энергиясының шығыны азаяды, сонымен қатар атмосфераға қажетсіз шығарындылар толығымен алынып тасталады. Технологияны игеріп, пешті жобалық қуатқа шығарғаннан кейін қондырғының өнімділігі 30% - ға артады.
  • Өз уақытында металлургтер №1 және №6 балқыту цехтарының газ тазарту жабдықтарын толығымен ауыстырды, енді төртінші цех жүйесін жаңартуда. Газ тазартқыштарды салғаннан кейін №41, 44, 45, 46, қазіргі таңда №42 пеш кешені жаңартылуда. №4 балқыту цехының газ тазарту жабдықтарын кешенді жаңғырту №43 пешті газ тазарту құрылысынан кейін жалғасады және аяқталады.
Зауыттың өндірістік қуаты - жылына 1 милиион тоннадан астам ферроқорытпа
6 мыңнан астам жұмыскер зауыттың ферроқорытпа өндірісін қамтамасыз етеді
  • Кәсіпорында өндірісті автоматтандыру жүйелері белсенді түрде жаңартылуда. Жабдық негізгі және қосалқы жабдықтарды әрбір күрделі жөндеу барысында жетілдіріледі. Компанияның IT-мамандарының соңғы жетістігі - хром қорытпаларымен жұмыс істейтін сегіз құю машинасын, бірінші және алтыншы балқыту цехтарын автоматтандыру.
  • Зауытта «Jastar Ligasy» жастар ұйымы табысты жұмыс істейді. Бұл бірлестік жас қызметкерлердің өмірін қызықты әрі оқиғаға толы етіп қана қоймай, тәлімгерлік институтын, кадрлық резервпен белсенді жұмысты қолдай отырып, үлкен білім беру қызметін орындайды
  • 2009 жылдан бастап компанияда тұрғын үй бағдарламасы белсенді іске асырылуда. Ақсу ферроқорытпа зауытының қызметкерлері үшін жеті көпқабатты үй салынды. 360 зауыт қызметкерінің отбасылары сол үйлерден пәтерге қол жеткізді.
  • Зауыттың қызметкерлер мен олардың отбасыларына арналған жеке базалары бар: Баянауылдағы «Факел» демалыс үйі, Еңбек кентіндегі аңшылық үй және Беловка кентіндегі «Мечта» балалар лагері.
  • Ақсу ферроқорытпа зауыты спорттық кәсіпорын деп аталады. Мұнда спорттың 15 түрі белсенді дамып келеді. Қызметкерлер зауыттық және корпоративтік жарыстарда, сондай-ақ өңірлік және республикалық чемпионаттарда жоғары дайындық деңгейін көрсетеді. Зауыттықтар мен олардың отбасыларына «Металлург» зауыттық спорт клубы, дене шынықтыру-сауықтыру кешені мен спорт кешені, сондай-ақ қалалық спорт сарайы, спорт залы бар жүзу бассейні және жабық хоккей корты есігін ашқан.