«Қазхром» ТҰК» АҚ жер қойнауын барлау, пайдалы қазбаларды өндіру мен оларды байытудан бастап, жоғарғы қосымша құн қосылған өнімдерді шығаратын металлургия өндірісінен тұратын тау-кен металлургиялық кластердің толық циклі саналады.

«Қазхром» хром құрамы бойынша әлемдегі ірі жоғары көміртекті феррохром өндірушісі болып табылады және оның өнімі әлемдік нарықта хромның жоғары құрамы мен төменгі деңгейдегі қоспалардың арқасында жоғары бәсекеге қабілеттілігімен айрықшаланады.

Компания туралы

Компанияның кең және жоғары сапалы ресурстық базасында құрамында орташа хромы мөлшері 50,0 % тең болатын 220 млн т. астам хром бар. Ағымдағы өндіру деңгейі кезінде хром кен орнының игеру мерзімі 40 жылдан артады, бұл өндірісті ұлғайту үшін көптеген мүмкіндіктер туғызады.

Қосымша кен қорларын анықтау және балансқа қою және кен орнын өңдеу мерзімін ұзарту мақсатында техникалық және геологиялық барлау жұмыстары жүргізілуде.

Компанияның біріктірілген өндірістік тізбегіне Ақсу және Ақтөбе ферроқорытпа зауыттары, сондай-ақ Дөң тау-кен байыту комбинаты кіреді.

Өзінің вертикалды біріктірілген құрылымының арқасында Компания бар стратегиялық сатып алулар, энергиямен жабдықтау, көмірді жеткізу мен логистикадан барынша көп пайда алуы мүмкін.

Өнімдерді пайдалану аумақтары

«Қазхромның» негізгі өнім түрлері төменгі деңгейлі қоспалары бар жоғары, орта және төменгі көміртекті феррохромдар болып табылады.

Феррохромдық өнім жай тот баспайтыннан бастап қоспалы және құрылымдыға дейінгі коррозияға төзімді болаттардың әр түрлі өндірісінде пайдаланады. Концентрат әр түрлі маркалы болат өндірісі кезінде қорытпа қоспасы үшін пайдаланады.

Марганец және хром кені ферроқорытпа өндірушісімен, сондай-ақ химиялық өнеркәсібі кәсіпорындарына тікелей жеткізіледі.

Клиенттік база

«Қазхромның» әртараптандырылған жаһандық клиенттік базасының құрамына Қытайдағы, Жапониядағы, Оңтүстік Кореядағы, Еуропадағы, АҚШ және ТМД елдеріндегі тот баспайтын болат және тазартылған қорытпалардың көптеген ірі өндірушілері кіреді.

«Қазхромның» дамыған теміржол қатынасының арқасында Қытайдың құрлықтық бөлігіне де, Ресейдің Владивосток портына да ыңғайлы шыға алады, осы арқылы негізінен ҚХР-ның жағалау бөлігіндегі сатып алушыларға жеткізілімді жүргізеді.

Әлемнің жетекші компаниялары «Казхромның» стратегиялық клиенттері болып табылады.

Нарық және нарық динамикасы

2030 ж. дейін тот баспайтын болатқа сұраныс жылына 3,1% ұлғаяды деп күтілуде, бұл өндіріс үшін шикізаттың негізгі түрі болып табылатын феррохром және хром кеніне деген сұранысты арттырады.

«Қазхром» өндірісті едәуір ұлғайту және табыстылықты арттырудың арқасында нарықтың өсуінен пайда алуға мүмкіндік беретін құн тізбегінің барлық кезеңдерінде қолданыстағы қуаттарды кеңейтудің ауқымды стратегиялық бағдарламасын бағалауды жүргізеді.

Басшылық

Жоғары деңгейдегі тәжірибелі басшылар, тау-кен өндіру және металлургия саласында орташа жұмыс тәжірибесі 25 жылдан артады және өз еңбек жолының көпбөлігінде «Қазхромда» жұмыс жасады.

Компанияның менеджменті туралы қосымша ақпарат «Менеджмент» бөлімінде.