«Қазхром» ТҰК» АҚ әлемдегі жетекші заманауи вертикалды интегралданған кәсіпорынның бірі болып табылады және шығыны ең төменгі деңгейдегі хром кені мен ферроқорытпалардың әлемдік ірі өндірушілерінің қатарына кіреді.
«Қазхром» ТҰК» АҚ 1995 жылы құрылды және жер қойнауын барлау, пайдалы қазбаларды өндіру мен оларды байытудан бастап, қосылған құны жоғары өнімдерді шығаратын металлургиялық өндіріске дейінгі толық циклді тау-кен металлургиялық кластері болып табылады.
- Өнім. «Қазхром» ТҰК» АҚ ферроқорытпа өнімдерінің құрамында негізгі орынды жоғары сапалы жоғары көміртекті феррохром алады.
- Ресурстық база. Бірінші эшелонның бірегей ресурстық базасының арқасында «Қазхром» ТҰК» АҚ салалық кәсіпорындар арасында өндірістің ең төменгі өзіндік құнымен ерекшеленеді және өнімнің кең түрін өндіреді.
- Нарықтық шарттар. Компания өз өнімін он жылдан астам уақыт бойы қалыпты және тұрақты өсуді көрсетіп келе жатқан хром нарығында өткізеді. 2020 жылға қарай нарықтық өсімге байланысты, Қытай өндірушілері тарапынан жоғары сұраныс салдарынан ұсыныс тапшылығы пайда болады деп күтілуде.
- Операциялардың ауқымы. «Қазхром» ТҰК» АҚ клиенттік базасы ірі феррохром өндірушілерінің арасында әртараптандырылғандардың бірі болып табылады. «Қазхром» ТҰК» АҚ Қытайда іске асырылып жатқан «Бір белдеу — бір жол» («BRI») бастамасында маңызды рөл атқарады және компанияның негізгі клиенттеріне — Қытайда, Жапонияда және Оңтүстік Кореяда тот баспайтын болаттың жетекші әлемдік өндірушілеріне стратегиялық тұрғыда жақын орналасқан. Компания сондай-ақ өз өнімін АҚШ, Еуропа және ТМД елдеріндегі клиенттеріне жеткізеді.