Қызметін 1938 жылы хром кенін өндіруден бастаған Қазхром, кейін келе кен байыту және металлургиялық қуатын арттыра отырып, Қазақстандағы жетекші тау-кен компаниялары мен ірі жұмыс берушілердің бірі атанды. Осылайша, бірте-бірте әлемдік деңгейдегі интеграцияланған өндірушіге айналды.
1938
Ақтөбе облысында Дөң тау-кен байыту комбинаты құрылды. Оңтүстік Кемпірсай хромит кен орнының базасында хром кендерін өндіріп, байытатын бойынша кәсіпорын ашылды.
1940
Хром-тау кеншілер кентінің құрылысы басталды. Кемпірсай хромитінің негізінде Ақтөбе қаласында ферроқорытпа зауытын салу туралы шешім қабылданды.
1943
Ақтөбе зауыты №1 балқыту цехында қазақстандық феррохромның алғашқы легін балқытып, іске қосылды. Алғашқы металл 1943 жылы 18 қаңтарда «Комсомолка» пешінен алынды.
1959
Дөң тау-кен байыту комбинаты алғаш рет 1 күнтізбелік жыл ішінде миллион тонна кен өндірді. «Комсомольский» және «Восточный» карьерлерінде тау - кен жұмыстары басталды.
1968
Ермаковский ферроқорытпа зауыты құрылды. Қазір ол Ақсу ферроқорытпа зауыты деп аталады және хром, кремний және марганец қорытпаларын шығаратын әлемдегі жетекші металлургиялық зауыттың бірі.
1973
Дөң ТКБК-ында алғашқы кен байыту фабрикасы іске қосылды. 1974 жылдан бастап концентрат шығаруды бастады. Сол жылы "Молодежная" шахтасының құрылысы басталған болатын.
1974
Ақсу ферроқорытпа зауытында форроқорытпаның алғашқы миллион тоннасы өндірілді. Сол жылы құрамында сегіз пеші бар № 4 балқыту пешінің құрылысы аяқталды.
1978
Ақтөбе ферроқорытпа зауытының феррохромы алғаш рет ФХ650 маркалы мемлекеттік таңбамен шыға бастады. Сол жылы ДӨҢ ТКБК-нда «Центральная» шахтасының құрылысы басталды.
1982
1970-1982 жылдар аралығында Ақсу ферроқорытпа зауытында 26 пеш іске қосылды. Бұл пештер кәсіпорынның жылына миллион тоннадан астам ферроқорытпа өндіруге мүмкіндік берді.
1986
Ақсу ферроқорытпа зауытының ФС-45 маркалы ферросилициі әлемдегі ең үздік деп танылды. Бұны Люксембург Халықаралық сауда Палатасы куәландырды.
1995
Ақтөбе және Ақсу ферроқорытпа зауыттары мен Дөң тау-кен байыту комбинатын біріктірген тау-кен металлургия саласының ірі кәсіпорны «Қазхром» трансұлттық компаниясы» АҚ құрылды. 2004 жылы оның құрамына «Қазмарганец» кен басқармасы қосылды.
1997
«Тур» кенішінің игеріле бастады. Кеніште ашық әдіспен кен өндірудегі ең заманауи, жоғары өнімді тау-кен және көлік техникасын пайдаланады.
2001
Қазақстан Республикасының Бірінші Президенті Н.Ә.Назарбаев Дөң тау-кен байыту комбинатына іс-сапармен келді. Толық қуаты екі миллион тоннаға жететін «Центральная» шахтасы іске қосылып, оған «Қазақстан Тәуелсіздігінің 10 жылдығы» деген атау берілді.
2005
Дөң тау кен байыту комбинатында жылына қуаты 600 мың тоннаға жететін ұсақ кластарды айыту бөлімі іске қосылды. Қуаты жылына 700 мың тоннаға жететін шекемтас өндіру цехы жұмысын бастады.
2008
Ақсу ферроқорытпа зауытында ферроқорытпаларды теңіз контейнерлерімен жөнелту учаскесі жұмысын бастады. Ақтөбе ферроқорытпа зауытында мұндай учаске бір жыл бұрын ісе қосылған.
2009
Ақтөбе ферроқорытпа зауытында № 4 балықыту пешінің құрылысы басталды. Оның қуаты жеке бір кәсіпорынға тең келеді. Елбасы Н.Ә.Назарбаев цех іргетасының символдық капсуласын өз қолымен қалаған болатын.
2011
Ақсу ферроқорытпа зауытында тұндыру кешенінің құрылысы басталды. Осы жылы ТМД-да бірегей, теңдесі жоқ - агломерация цехы іске кірісті. Жобаның мақсаты - өнеркәсіптік қалдықтарды өңдеу және агломерат өндіру.
2014
Өндірістің қуаты мен жаңа технологиялар жөнінен әлемдік көшбасшыға болаған Ақтөбе ферроқорытпа зауытының № 4 балқыту пеші өз жұмысын бастады.
2017
Ақсу ферроқорытза зауытында «№ 6 балқыту цехын қайта жаңарту» ауқымды инвестициялық жобасын жүзеге асырыла бастады. Осы жылы Дөң тау-кен байыту комбинатына қарасты «Қазақстан Тәуелсіздігінің он жылдығы» шахтасындағы «Первомайское» кен орны өндірістік жұмысын бастаған. Ақтөбе ферроқорытпа зауытында өндіріске қайтарылған брикеттелген феррошаңнан тұратын және дайын өнімді алу кезінде пайдаланылатын «тәжірибелік брикеттер» өндіру учаскесі пайдалануға берілді.
2018
«Парыз» бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі республикалық конкурстың нәтижелері бойынша «Қазхром» ТҰК "АҚ ұжымдық келісімі үздік деп танылды.
2019
Ақсу ферроқорытпа зауытының № 64 пеші жөндеуден кейін іске қосылып, алғашқы металды шығарды. Ақсу және Ақтөбе ферроқорытпа зауыттарында компания «ERG Way» атты жаңа өндіріс жүйесін енгізу жұмыстарын бастады.
2021
Қазақстандағы алғашқы өндірістік тур Ақтөбе ферроқорытпа зауытында басталды.
2022
Ақтөбе ферроқорытпа зауыты №1 және №2 балқыту цехтарының газтазарту жүйелерінде ауқымды жаңғырту жұмыстары басталды.
Қазхром Ecovadis-тің Платина медалімен марапатталып, халықаралық хром өндірушілер қауымдастығының (ICDA) мәртебесіне ие болды. Компания жауапкершілік пен тұрақты даму талаптарына сай келетін қара металлургия кәсіпорындарының үздік 1% қатарына кірді. «Парыз» бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі республикалық байқауында «Қазхром» компаниясы «үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын» аталымы бойынша жеңімпаз деп танылды.
2023
Дөң тау-кен байыту комбинатында шлам қалдықтарын өңдейтін жаңа байыту фабрикасы іске қосылды. Бірегей кешеннің қуаты – шамамен 1,7 миллион тонна. Бұл жоба жұмыс істеп тұрған және бұрыннан сақталған өндіріс қалдықтарын қайта өңдеуге мүмкіндік береді.
Қазхром тағы бір мәрте Ecovadis рейтингісінде ең жоғары бағаға ие болып, ICDA-ның жауапты хром өндірушісі мәртебесін растады.
Қазіргі таңда
Казхром өзінің бөлімшелерін жаңғырту жобаларына және кен өндіру және ферроқорытпа өндірісінің көлемін ұлғайтуға бағытталған. Компания сондай-ақ экологиялық және әлеуметтік қызметке үлкен көңіл бөледі.